From Wikipedia, the free encyclopedia
Блумфонтейн (африкаансша -{Bloemfontein}-) — ОАР қаласы, орталығы Фри-Стейт, елдің соттық астанасы.
Қала | |
Блумфонтейн | |
Bloemfontein Mangaung | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Аймағы |
Фри-Стейт |
Аудан |
Мотхео |
Жергілікті муниципалитет |
Мангаунг |
Мэр |
Гертруде Мотхупи |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
29°06′ о. е. 26°13′ ш. б.29.100° о. е. 26.217° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1846 |
Жер аумағы |
333,7 км² |
Орталығының биiктігі |
1 395 м |
Климаты |
шөлейт |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
328 773 адам (2001) |
bloemfontein.co.za (ағыл.) | |
Блумфонтейн шекарасы
|
Ресми, қала 1846 жылы тұрғызылды, және 1854 жылдан 1902 жылға дейін Қызғылт сары Республикасының астанасы болды. Темір жол 1890 жылы салынып, Блумфонтейнді Кейптаунмен байланыстырды.
1899 жылы қалада Блумфонтейндік конференция өтті. Бұл конференция англо-бурлық соғыстың алдын ала алмады. 1912 жылдың 8-ші қаңтар күні қалада Африкалық конгресстің іргесі қаланды. Оның мақсаты қара нәсілді тұрғындардың құқықтарын қорғайтын заңдар қабылдау болды. Конгресстің отырысына ақын Джон Дьюб қатысқан болатын, кейіннен алғашқы президенті болды.
Жазушы Дж. Р. Р. Толкин, атақты «Сақиналар Әміршісінің» авторы, Блумфонтейнде 1892 жылдың 3 қантарында дүниеге келді.
Блумфонтейн - оңтүстік-батысынан шөлейтті аймақ Карруға аусатын, Ұзын Велд аймағының оңтүстігінде орналасқан (теңіз деңгейінен 1300—2000 метрде орналасқан).
Қаланың климаты шөлейтті, жазы ыстық, ал қысы салқын, құрғақ. Қар бірнеше жылда бір рет жауады (соңғы рет 2007 жылы). Жауын-шашын отраша деңгейі — 559 мм.
Блумфонтейн ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 6,0 | 4,0 | 1,0 | −3 | −9 | −9 | −10 | −10 | −7 | −3 | 0,0 | 3,0 | −10 |
Орташа максимум, °C | 31,0 | 29,0 | 27,0 | 23,0 | 20,0 | 17,0 | 17,0 | 20,0 | 24,0 | 26,0 | 28,0 | 30,0 | 24,0 |
Орташа температура, °C | 23,0 | 22,0 | 19,5 | 15,5 | 11,5 | 7,5 | 7,5 | 10,5 | 14,5 | 17,5 | 20,0 | 22,0 | 16,0 |
Орташа минимум, °C | 15,0 | 15,0 | 12,0 | 8,0 | 3,0 | −2 | −2 | 1,0 | 5,0 | 9,0 | 12,0 | 14,0 | 8,0 |
Абсолюттық минимум, °C | 39,0 | 39,0 | 35,0 | 33,0 | 30,0 | 25,0 | 24,0 | 29,0 | 34,0 | 35,0 | 37,0 | 38,0 | 39,0 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 83 | 111 | 72 | 56 | 17 | 12 | 8 | 15 | 24 | 43 | 58 | 60 | 559 |
Дерекнама: Ауа райы мен климаты |
Соңғы рет халық санағы 2001 жылы болды. Мәліметтерге сүйінер болсақ, Блумфонтейн қаласының тұрғындары (ауылдармен қоса) 328 773 адам, олардың ішінде негрлер — 72,6 %, ақтар — 22,2 %, түстілер — 5,2 %.
Негізгі демографиялық үрдістер тәртіптің жойылуынан кейін, ОАР-да ақ нәсілді адамдардың саны азайып (эмиграция әсер етті), билік қара нәсілділердің қолына өте бастайды. Бұл түстілердің басқа үлкен қалаларға көшуі (Йоханнесбург, Кейптаун, Дурбан), негрлердің санының өсуі (басқа африкалық елдерден иммигранттардың көп болуынан) секілді үрдістер де болды. Осылай, казіргі таңда санақ кезінде ақтар мен түстілер саны азырақ та, ал қаралар саны көптеу.
Басты әкімшіліктің, бизнестің және ұлттараралық қарым-қатынас тілі болып африкаанс (халықтың 1/4-нің туған тілі) табылады. Қара нәсілділер күнделікті өмірде жергілікті тілдерді де қолданады(сото, тсвана, коса).Өкімет африкаанс тілін ығыстыру үшін ағылшын тілін қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр, соның арқасындаа жастардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлей алады.
Алтын және уран кен орындарын игеруі, Блумфонтейнің үлкен өндіріс орталығына айналуына зор үлесін қосты. Темір өңдеу кәсіпорны, шыны, тамақ, темекі, тері өңдеу өнеркәсіптері де бар, сонымен қатар университет пен "Бойден" обсерваториясы бар.
Блумфонтейн — темір жол және автокөлік жолдарының үлкен түйіні, ол арқылы N1 (Кейптаун — Байтбридж), N6 (Ист-Лондон — Блумфонтейн) және N8 (Кимберли — Масеру) секілді, маңыздылығы ұлттық дәрежедегі жолдар өтеді. Қалада жылына 400 мың адам жолашы айналым (2011 жыл) жасайтын "Брам Фишер" (афр. Bram Fischer) атындағы муниципальды аэропорт (IATA: BFN, ICAO: FABL)орналасқан. Йоханнесбург, Кейптаун, Дурбан және Порт-Элизабет қалаларын тікелей рейстер әрдайым жүріп тұрады.
Қазіргі таңда Блумфонтейн — Фри-Стейт провинциясының астанасы мен ОАР-дың соттық астанасы. Қаланың көрінісіне шолу үлкен төбеде орналасқан алаңқайдан басталады. Төбешіктің атауы — Нэвэл Хилл, Англо-бурлық соғыс кезінде бұл жерде қондырылған, ағылшын кемелері зеңбректерінің, батареясының белгілеуінен шығады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.