Би музыкасыбиге арналған музыка.

Би музыкасының тарихы алғашқы қауымдық кезеңдерден басталады. Ол кезде ән, би және оны демейтін дыбыстық сүйемел синкретті өнер ретінде біртұтас өмір сүрді. Сол көне дәуірлерде-ақ би музыкасы халықтық және кәсіби (сарай музыкасы, салтанатқа арналған, театрландырылған, храмдық) болып бөлінген. Орта ғасырларда би музыкасына діни көзқарасқа байланысты тыйым салынды. Алайда ол халық арасында да, ақсүйектер қауымында да сақталып қала берді. Қайта өрлеу дәуірінде би музыкасы да өркендеді. Тарихи даму барысында би музыкасы басқа музыкалық жанрларға ықпал етумен қатар өзі де олардың жетістіктерінің әсерімен жетіліп отырды. Қазіргі кезде би музыкасы, әсіресе, көпшілік биге арналған эстрадалық әндер музыка өнерінің халық арасында ең кең таралған түрі болып табылады.[1][2]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Quick Facts
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dance
Close

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.