From Wikipedia, the free encyclopedia
Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің туыстары мен түрлерін екі латын сөзімен атау.
Біріншісі туысты білдіреді, бас әріппен жазылады. Ал екіншісі түрдің аталуын көрсетеді, кіші әріппен белгіленеді. Мысалы: ақ жусан (Artemіsіa tercheana L.), Алтай ұлары (Tetraogallus altaіcus G.). Түрдің артынан түрді анықтаған адамның аты беріледі. Кейбір жағдайда бинарлық номенклатура соңында анықталған жыл көрсетіледі [мысалы, саналы адам (Homо sapіens L. 1758)].
Бинарлық номенклатура терминін 1620 ж. ғылымға алғаш швейцариялық ғалым К. Баугин енгізген, оны 1735 ж. швед табиғат зерттеушісі К. Линней ғылыми жүйелеудің негізіне алған. Ол “Табиғат жүйелері” (1735) деген еңбегінде бинарлық номенклатураны пайдаланып, түр ұғымын нақтылау үшін морфологиялық және физиологиялық белгілерді негізге алып, жүйелік категориялар (класс, туыс, түр) арасын жіктеп берді.[1]
Бинарлы номенклатура әр ағза үшін бірегей болып табылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.