Билль (лат. bulla — мөр басылған құжат) — ағылшындық-саксондық құқық жүйесінде заң шығарушы органның қарауына ұсынылатын заң жобасы.
Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада және т.б. ағылшын тілдес елдерде қолданылады. Сондай-ақ, кейбір конституциялық актілер де осылай аталады. Мысалы, “Құқылар туралы билль” — АҚШ-тағы формалды конституциялық декларация немесе заң шығарушылық ереже. Оның көмегімен үкімет өз азаматтарының негізгі құқылары мен бостандықтарын айқындайды және оларды өз уәкілетін асыра пайдаланған өкіметтің өктемдігінен қорғайды.[1]
“Құқылар туралы билль” алғаш рет 1689 ж. Англиядағы парламенттің “корольдік тәжден” мәртебелілігін арттырған “революцияның” (1688) нәтижесінде қабылданды. Сөйтіп бұл құжат 1776 ж. Виргиния штатының “Құқылар туралы биллінің”, яки 1791 ж. АҚШ Конституциясына енгізген 10-түзетімнің, сондай-ақ, канадалық “Құқылар туралы билльдің” ізашар үлгісі болды. Арада 100 жыл өткен соң Францияда “Адам мен азаматтық құқылары декларациясының” қабылдануына да елеулі ықпал етті. Сонымен қатар АҚШ пен Ұлыбританияда жекелей, қаржылық және қаржылық емес қарым-қатынастар биллі де қолданылады.[2]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.