From Wikipedia, the free encyclopedia
Бестөбе — орта палеолит дәуірінде халцедон қазып алынған орын.
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшбұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде. Қазба жұмыстарымен 1957 жылы Тарих, археологиялық және этнологиялық институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу жөніндегі Қаратау тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) айналысқан.
Ұзындығы 3 км-дей атжал үйінді түгелімен ірілі-ұсақты халцедондардан тұрады. Сүттей аппақ немесе қызғылт, бозғылт халцедон үйіндісінен қабыршақ заттар сынықтары, көп қырлы, дөңгелек тастар, т.б. құралдар табылды. Ұсақ өңделген халцедонның сынықтарынан диск тәрізді нуклеустар (тас құрал), үшбұрышты және ұзынша келген пластиналар жасалынған. Табылған тас құралдардың әр түрлі көлемде және көптеп кездесуі осы өңірді қоныстанушылардың өзіне қажетті құралдарды жасай білгенін көрсетеді. Бестөбе мекеніндегі халцедонды өңдеу тәсілі осы жерден 150 шақырым жердегі Бүркітті палеолит мекенінде де кездеседі.[1][2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.