Бақытжан Төлеужанұлы Жоламанов (16 тамыз, 1966 жыл, Өзбекстан, Самарқан қаласында туған) - Павлодар қаласының әкімі (2009 жылдан бастап).
- Алматы халық шаруашылығы институтын (1991) экономист мамандығы бойынша;
- Д.А. Қонаев атындағы университетті (2001) бітірген.
- 1991 жылдың сәуірінен - ғылыми-өндірістік кәсіпорынның экономисі, «Геожүйе» ҒЗК ӨҚБ бастығы (Алматы қ.).
- 1991 жылдың желтоқсанынан - «Галаксис» ААҚ бас бухгалтері (Алматы қ.).
- 1993 жылдан - «Асетан» акционерлік компаниясы директорының орынбасары, директоры, президенті.
- 1998 жылдан - «Golden Grain Group» корпорациясы» ЖАҚ президенті (Петропавл қ.).
- 2003 жылдан - Астана қаласы Турғын үй департаменті бастығының м.а., бастығы.
- 2004 жылдан - ҚР Президенті істері басқармасының ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (Астана қ.).
- 2005 жылдан - Алматы қалалық әкімдігінің «Алматы-жер» МҚК директорының м.а., директоры.
- 2007 жылдың наурызынан - «Қазақстан Эксим-банкі» АҚ басқарушы директоры (Алматы қ.).
- 2007 жылдың қазанынан - «Ортаазияэнергомонтаж» тресі» АҚ басшылығы төрағасының орынбасары (Алматы қ.).
- 2009 сәуірінен бері - Павлодар қаласының әкімі.
- «Құрмет» орденімен марапатталған (2001).[1]