From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақанас – Балқаш алабындағы өзен.
Бақанас өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 240 км |
Су алабының ауданы |
25 мың км² |
Су алабы | Балқаш алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Шыңғыстау |
• Координаттары | 48°34′57″ с. е. 79°13′36″ ш. б.48.58250° с. е. 79.22667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Аягөз өзеніне жетпей тартылып қалады. |
• Координаттары | 47°03′52″ с. е. 79°14′13″ ш. б.47.06444° с. е. 79.23694° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы Абай, Аягөз аудандары |
Абай облысы Абай, Аягөз аудандары жерімен шөлейт белдем арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып өтетін, Балқаш алабына жататын, Шыңғыстың мол сулы өзендерінің бірі. Ұзындығы 240 км, су жиналатын алабы 25 мың км2.
Шыңғыстау тауының оңтүстік беткейіндегі Ақбайтал асуынан бастау алып, Аягөз өзеніне жетпей бітеді.
Дағанделі, Әлпейіс, Төлен, Қызылөзен, Жәнібек, Балқыбек, Көксала салалары бар. Ағысы көктемгі еріген қар суымен және жер асты суымен толығады. Шұбартау ауылы тұсындағы орташа жылдық су ағыны 3,27 м3/с. Судың тасуы наурыздың аяғы мен сәуірдің басында басталады да мамыр мен маусымда аяқталады. Өзен аңғары тоғайлы, шалғынды, мал жайылымына пайдаланылады.[1]
Бақанас гидронимін көптеген ғалымдар бақан және ас тұлғаларына бөледі де, бақан сияқты басы екіге айырылған өзен деп табады. Шындығында бұл атау монғолдың баға(н) «аз», «шағын», «шолақ» сөзі мен ус «су» түбірінің бірігуінен жасалған. Қазақстанның бірнеше жерінде кездесетін мұндай атау шыққан жері мен құятын жері алыс емес, қысқа өзендерге беріледі.
Бақанас өзені - Мұхтар Әуезұлының «Абай жолы» роман-эпопеясында бірінші кітабының, "Шытырманда" бөлімінде Тобықтының ең үлкен өзені деп аталынған. Шыңғыс сыртындағы мол жайлауындың ең арғы шетінің бірі-Байқошқар болса, екіншісі осы - Бақанас. Бірақ Құнанбай ауылдары бұрын Байқошқарды қоныс етіп, Бақанас өзені Көкшеге тиісті болған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.