From Wikipedia, the free encyclopedia
Баклажан — алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып тұрады. Баклажанның тамыры шашақты, жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салмағы 0,4 — 1 кг. Тұқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Баклажан жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы температура 20 — 30°С, топырақ ылғалдылығы 80%. Баклажан маусым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Жемісінің құрамында: 7,1 — 11% құрғақ заттар, 2,72 — 4% қант, 0,6—1,4% ақуыз, 0,1 — 0,4% май, сондай-ақ, кальций, фосфор, темір жөне т.б. тұздар бар. Баклажанның өнімділігі жоғары, 1 га-дан 15 — 30 т өнім алуға болады. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", "Симферопольский-105", "Консервный-10", т.б. Баклажан негізінен көшет арқылы өсіріледі. Көшеттер егістікке қашықтығы 35 — 40 см, қатар аралығы 70 см болатындай етіп отырғызылады. Топырақты қопсыту, арам шөп отау, суару, үстеп қоректендіру, өсімдік кеселдері мен зиянкестерін құрту жұмыстары жүргізіледі. Баклажанның зиянкестері: дала қандаласы, бұзаубас, т.б., аурулары: шірік, фитофтора т.б. Б. Еуропа елдерінде ертеден дәрілік мақсатта пайдаланылып келген, тек 18 ғасырдандан бастап тағамға пайдаланылды. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін колданылады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.