From Wikipedia, the free encyclopedia
Баязид І, Найзағай (Bayezіt І Yіldіrіm) (1360 -1403) — Осман әулетінен шыққан түрік сұлтаны (1389 - 1403), қолбасшы. Әкесі Мұрат І қайтыс болған соң билік басына келіп, оның саясатын жалғастырған. Баязид І Батыс Анадолыдағы Ментеше, Айдын, Сарухан және Ирмиян бейліктерін өзіне бағындырды (1389 - 90). XIV ғасырдың 90-шы жылдары қолбасшылық даңқы жер жүзіне тараған. Баязид І Египеттегі ішкі алауыздықты шебер пайдалана отырып, Сивас сұлтандығының жерлерін, Жанық және Амасье бейліктерін, мәмлүктер қол астында болған Малатья, Эльбистан, Дивриг қалаларын өз иелігіне қосып алды.
1389 жылы 15 маусымда Косово даласында серб әскерлерін талқандап, Сербияны да өзіне қаратты. 1393-96 жылы Болгарияны, Солтүстік Македония мен Фессалинді жаулап алып, кейін Балқан түбегінде түрік үстемдігін орнатты. Еуропа елдері түріктерге қарсы крест жорығын ұйымдастырды. Бірақ 1396 жылы 25 қыркүйекте болғар қаласы Никополь маңында болған шешуші шайқаста Баязид І әскерлері жеңіске жетеді. Осы жеңісі үшін Баязидке “сұлтан әл-Рум” (Византия жерлерінің сұлтаны) лауазымы беріледі. Кейін Баязид І Босния мен Колохияны бағындырып, түрік билігін нығайтты. 1394 - 1401 жылы Константинополь қаласына бірнеше дүркін шабуыл жасады. Кіші Азияға басып кірген Әмір Темір әскерімен 1402 жылы 28 шілдеде болған, қазіргі Анкара маңындағы шайқаста Баязид І жеңіліске ұшырап, тұтқында қаза тапты.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.