From Wikipedia, the free encyclopedia
Баурчи (молд. Baurci; ғағ. Baurçu) — Молдовадағы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамындағы ауыл. Чадыр-Лунг ауданының құрамына енеді.[1][2]
Баурчи | |
ғағ. Baurçu | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Аймағы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°05′38″ с. е. 28°40′33″ ш. б.46.09389° с. е. 28.67583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1812 |
Жер аумағы |
76,6 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
8 783 адам (2004) |
Ұлттық құрамы |
97,88% - ғағауыздар, 0,60% - молдовандар, 0,50% - орыстар |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+373 291 ----- |
Пошта индексі |
MD-6111 |
Автомобиль коды |
GE -- --- |
Баурчи шекарасы
|
Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Комраттан 30 км, Конгаз қаласынан шығысқа қарай 6 км және Чадыр-Лунга қаласынан батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Ауылдың ауданы 76,6 шаршы км. Ауыл арқылы өзі аттас өзен ағып өтеді. Атауы жер бедерінен шыққан: "Байыр" (төбе) және "Ичи" (ішкі), яғни төбе ішінде деген екі сөзден тұрады.[3]
2004 жылғы халық санағы бойынша ауылда 8783 адам тұрса, оның 49,90%-ы ерлер, 50,10%-ы әйелдер. Халықтың ұлттық құрамы:
Тарихшылар А.А.Скальковский, М.В. Маруневич, С.С.Курогло жазбалары бойыншы, Баурчи ауылы 1812 жылы Лунгуца өзенінің аңғарында пайда болды. Ғағауыздардың алғашқы қоныстанушылары Баурчи ауылына 57 адаммен келді. Бірте-бірте ауыл халқының саны өсіп, 1844 жылға қарай ауылда 166 отбасы тұратын 149 үй болды. Ауыл тұрғындары пайдаланатын жер көлемі 6420 гектарды құрады. Осы уақытқа дейін ағаш шіркеу салынды. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысының соңында бітім шарты бойынша Баурчи ауылы Буджак ауданына бекітілді.[5]
1949 жылы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша олар алдымен 4 колхозға біріктіріліп, кейін «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозы құрылды. Колхоз бидай, жүгері, күнбағыс, жүзім, көкөніс, жеміс-жидек, бұршақ, темекі, тағы басқа дақылдар өсірумен айналысты. Колхозда фермалар салынып, онда ірі қара, қой, құс, шошқа және басқа да мал өсірілді.[6]
Баурчи ауылының аумағында әлеуметтік нысандар:
Ауылдың инфрақұрылымы мемлекеттік және жеке секторлардың бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарын қамтиды. Ресми түрде әкімдіктің 2007 жылғы мәліметтері бойынша ауылда 34 коммерциялық кәсіпорын, 15 дүкен, 3 диірмен, 3 шағын цех, наубайхана болды.[11]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.