From Wikipedia, the free encyclopedia
Бастышөп (лат. Cephalaria) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Жерорта теңізі жағалуларында, Батыс және Орта Азияда, Оңтүстік Африкада кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық жерлер мен тау бөктерлерінде, құм арасында және егістіктерде өсетін 2 түрі (Орал бастышөбі , Сирия бастышөбі) бар. Олардың биіктігі 20 – 90 см. Сабақтары қатпарлы, сыртын сирек түктер жапқан. Жапырақтары қанат тілікті, кейде тегіс. Тостағанша жапырақтары табақша тәрізді, шеті тісті, күлтесі сары немесе боз көкшіл түсті, төрт қалақты. Гүлдері көбінесе сәулелі келеді. Аталығы төртеу, аналық мойны жіпше тәрізді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, мамыр – тамызда жемістенеді. Тұқымы төрт қырлы, ұршық тәрізді. Тұқымында 22% май болады.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бастышөп | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Cephalaria gigantea
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
65 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.