Барылдауық үйрек (лат. Anas platyrhynchos) – үйректер тұқымдасына жататын ірі құс.

Quick Facts Барылдауық үйрек, Амандық күйі ...
Барылдауық үйрек
Thumb
Мекиен және кежек
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Кіші тұқымдасы: Anatinae
Тегі: Anas
Түрі: A. platyrhynchos
Екі-есімді атауы
Anas platyrhynchos
Linnaeus, 1758
Thumb
Синонимдері

Anas boschas

Close
Thumb
Anas platyrhynchos

Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Салмағы 800 – 1500 г. Мекиенінің көкшіл коңыр түсті қауырсындарында ала дақтары бар, тек көктемде, көбейер кезде кежегінің (қоразының) басы мен мойнының жоғары жағы жылтыр көкшіл жасылдау болып, төменгі жағы ақ түске өзгереді. Барылдауық үйрек – жыл құсы. Көктемде ұшып келеді, қамысты қопа ішіндегі ұяларына 7 – 11 жасыл түсті жұмыртқа салады, оны мекиені 26 күндей басады. Күзде (қазан – қараша айларында) қыстауға ұшып кетеді. Барылдауық үйрек балдырлармен, су өсімдіктерінің тұқымдарымен және ұсақ жәндіктермен, ал күзде дәнді дақылдармен де қоректенеді. Дәмді еті үшін ауланады.[1]

Сурет:Кряква в полёте.jpg
Барылдауық үйрек биікте самғауда

Дене бітімі

Кежек өте ашық реңді - басы мен мойынның жоғарғы бөлігі - қошқыл жасыл, оны ақ түсті, қарғы ашық қоңыр төстен бөлініп орналасқан. Құйрық үстінде ширатылып жоғарғы қайырылған әлемдеуші қауырсындар болады. Аналықтар, жас құрттар және аталықтар жазда ұсақ шұбарлары бар жабын қанаттары біркелкі боялған қоңыр реңді болып келеді. Ұшып жүрген және қонақтаған құстардың қосалқы желпуіш қауырсындардың үстінен ақпен көмкерілген қошқыл-күлгін түсті көзтартары көрініп тұрады. Дауысы асыранды үйректердің барылдағанына ұқсас. Қанатын жиі қағып, шапшаң ұшады. Қанаттарының бұл кезде өзіне тән ысқырған дыбыс шығады.

Мекендейтін ортасы

Бұл құс бүкіл Қазақстан бойынша ұялайды. Үстірт және Маңғышлақтың сусыз кеңістігінде болмайды. Бүкіл ландшафты зоналарда өмір сүреді, теңіз деңгейінен 2000 метрге дейінгі тауларға көтеріледі. Қазақстан аумағында ақпанда пайда болып, қазанда ұшып кетеді. Құстардың бір бөлігі оңтүстік Қазақстанның суы қатпайтын көлдерінде қыстап қалады.[2]

Дереккөздер

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.