From Wikipedia, the free encyclopedia
Балқаш алабұғасы (лат. Perca schrenkii) – алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. 18 жылдай тіршілік етеді. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғадан айырмашылығы: алдыңғы арқа қанатында қара дақтары болмайды, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы келеді. 2—4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз — мамыр айларында, судың температурасы 6 — 8*С-қа жеткенде, уылдырығын (220 мыңға дейін) таяз (0,5 м) әрі тасты су түбіне шашады. Ұрығы бір айда жетіледі. 1961 жылға дейін Балқаш көлінен жылына 2300 тонна Балқаш алабұғасы ауланса, 1965 — 1966 жылы бұл көрсеткіш 10 тоннаға дейін төмендеді. Ал, қазір санының өте азайып кетуіне байланысты азғана популяциясы Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі. Балқаш алабұғасы — жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген (1996).[1]
Балқаш алабұғасы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Дерегі жетіксіз
(IUCN)
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Perca schrenkii Kessler, 1874 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.