![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Cow_Parsnip.jpg/640px-Cow_Parsnip.jpg&w=640&q=50)
Балдырған
From Wikipedia, the free encyclopedia
1) Балдырған (лат. Heracleum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Балдырған | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Heracleum maximum
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
60 түрі белгілі |
Қазақстанда тілік балдырған (H. dіssectum) және Сібір балдырғаны (H. sіbіrіcum) деген түрлері бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Кетпен жотасында, сондай-ақ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облысындағы ылғалды шалғындарда өседі. Биіктігі 2 м-дей. Жұмыр сабағының сырты қырлы, іші қуыс болады. Үш құлақты жапырақтары қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлдері ақ, сары түсті, күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — сыртын түк басқан, ұзынша келген тұқымша. Балдырған — мол өнімді, қоректік заттарға бай, мал азықтық өсімдік, құрамында протеин (14 — 20%), клетчатка (11 — 14%), май (3 — 5%) және каротин (330 — 350 мг/кг) көп. Балаусасында қант көп (20 — 30%-тей) болғандықтан, таза күйінде немесе шала сүрленетін өсімдіктермен қосып, сапалы сүрлем дайындалады. Сабағы, жас өркендері тағамға пайдаланылады. Тамыры мен жапырағын медицинада, ал жемісінен алынатын эфир майы парфюмерия өнеркәсібінде қолданылады.[1]
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/KyzKuu_rev_N.jpg/45px-KyzKuu_rev_N.jpg)