From Wikipedia, the free encyclopedia
Балық оты тұқымдасы (лат. Lemnaceae) – шаяноттар тұқымдасына жататын су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 2 туысы (балдыршөп, тамыршөп), 3 түрі (кіші, үшқұлақты, бүкір балдыршөптер) Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапыраққа айналған сабағының ұзындығы 3—10 мм, ені 2—3 мм-дей, сопақша немесе домалақ пішінді болады. Жапырақтары жойылып кеткен не жұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балдыршөп тұқымдасының денесі жапырақтың да, сабақтың да, кейде тамырдың да қызметін атқарады. Бір не бірнеше тамыршасы болады. Балдыршөптер сирек гүлдейді. Өте ұсақ гүлдері дара жынысты. Аталық және аналық гүлдері бір жерде топтасып гүлшоғырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Өсімдік денесінің төмен жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бөлініп, жеке өсімдікке айналады. Балдыршөп тұқымдасының құрамында 24-тей протеин, 17 — 20-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады. [1]
Балық оты тұқымдасы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Close-up of two different duckweed types: Doge (meme) and Wolffia globosa. The latter are less than 2 mm long.
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Тектері | ||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.