From Wikipedia, the free encyclopedia
Балалар суреті — бейнелеу өнерінің әр түрлі саласымен шұғылданатын балалар шығармалары. Сурет салу өнерімен шұғылдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері, көркемдік және эстетикалық талғамдары, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар сурет салу, мүсіндеу, қолөнермен шұғылдану барысында өзін қоршаған орта, табиғат сұлулығы, оның құбылыстары туралы білімдерін арттырады, бейнелеу өнерін игеруге қызығады. Балалар суреті түрлеріне қарындашпен, түрлі-түсті бояу қарындаштармен, сулы бояумен, гуашь бояуымен салынатын суреттерді, мүсінді, қолөнерді, т.б. жатқызамыз. Балалардың бейнелеу өнеріне машықтануы балабақшаларда, мектептерде, оқушылар сарайларында, лицейлерде, гимназияларда, көркемсурет мектептері мен колледждерінде жүзеге асырылады. Республикамыздың облыс және аудан орталықтарында 70-тен астам бастапқы білім беретін көркемсурет мектептері жұмыс істейді. Алматы қаласында Республикалық көркемсурет колледжі ашылған (1988). Бұлар Қазақ мемлекеттік өнер академиясының құрамына енеді.
Балалар суретін дамыту мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен дарынды балаларды қолдайтын мемл. «Дарын» бағдарламасы қабылданды (1996). Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай әр елдерде Балалар суреті көрмелері, дүниежүздік көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда 1945 жылдан Балалар суретінен көрмелер ұйымдастырылып келеді. Қазақстанда балалардың суреттері жинақталған 2 томдық кітап жарық көрді (1999). Балалардың қабілеті мен білімін дамытуға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сурет дәптерлері жасалған. Орта мектепке арналған “Бейнелеу өнері” оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде жарық көрді (1997).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.