БЛКЖО орталық комитеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
БЛКЖО орталық комитеті (орыс. Центральный комитет ВЛКСМ) — БЛКЖО съездерінің арасындағы аралықта комсомолдың жоғарғы органы. Комсомолдың XIV съезінде (1962) қабылданған БЛКЖО Жарғысына сәйкес Орталық Комитет «комсомолдың, жергілікті комсомол органдарының барлық жұмыстарына басшылық жасайды, мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдарда БЛКЖО атынан өкілдік етеді, „Комсомольская правда“ - орталық органы және басқа БЛКЖО Орталық Комитет басылымдардың редакцияларын беекітеді, комсомол бюджетінің қаражатын бөледі және оның орындалуын бақылайды.
БЛКЖО орталық комитеті (БЛКЖО ОК) орыс. Центральный комитет ВЛКСМ (ЦК ВЛКСМ) | |
---|---|
БЛКЖО 20 съезі, 1987 жылы 15 сәуір | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | КСРО |
Құрылған уақыты | 29 қазан 1918 жылы |
Оның алдындағы мекеме | РКЖО ОК |
Таратылған уақыты | 28 қыркүйек 1991 жылы |
Мекемені басқарады | КОКП ОК |
Штаб-пәтері | Мәскеу, Богдан Хмельницкий көшесі, 3-үй |
Бір мекемеге қарасты орган | Бүкілодақтық пионер ұйымы БЛКЖО аумақтық комитеттері |
Түсініктемелер | |
БЛКЖО ЖАРҒЫСЫ |
Орталық Комитет БЛКЖО съезінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды, оның құрамына дауыс беру құқығы бар толық құқықты мүшелер мен пленарлық отырыстарда кеңесші дауыс құқығы бар кандидаттар кірді.
БЛКЖО ОК пленумдары жарты жылда бір реттен кем емес шақырылды.
БЛКЖО ОК өз мүшелерінің арасынан ОК бірінші хатшысын, Бюро мен Хатшылықты сайлады.
Пошталық мекенжайы: БЛКЖО ОК – Мәскеу қаласы, Маросейка көшесі, № 3/13 үй, 1 құрылыс.