Ақ қабық

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ақ қабық

Ақ қабық (лат. sclera) — орташа қалыңдығы 0,4-0,6 мм, қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған көздің сыртқы талшықты (фиброзды) қабығының ақ түсті тығыз бөлігі. Ол көздің фиброзды қабығының 4/5 бөлігін құрайды. Ақ қабық бір бағытта параллельді тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарындағы қатарласып жатқан фиброциттерден құралған. Ақ қабықтың қасаң қабықпен шекарасындағы лимба аймағында, коллаген шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Көздің ақ қабығы алдыңғы жағынан көздің кілегейлі қабығымен қапталған, ал оның артқы бетіне көз бұлшықеттері бекиді. [1]

Thumb
  1. Ақ қабық
  2. тамырлы қабық
  3. шлемм өзектері
  4. нұрлы қабықтың түбірі
  5. қасаң қабық
  6. нұрлы қабық
  7. қарашық
  8. көздің алдыңғы қуысы
  9. көздің артқы қуысы
  10. кірпікті дене
  11. көз бұршағы
  12. шыны тәрізді дене
  13. торлы қабық
  14. көру жүйкесі
  15. зонуляр талшықтар

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.