Аққу (лат. Cygnus, Cyg) — Солтүстік аспан жартышарының шоқжұлдызы. Оның орталығындағы жарық жұлдыздар аспанда айқыш пішінді бейнелейді. Аққу α жұлдызы аспандағы 1 дәрежелі 21 жұлдыздың бірі. Аққу шоқжұлдызы - Құс жолында жатқан шоқжұлдыздардың бірі. Аққу шоқжұлдызындағы α Аққу жұлдызы, Лира шоқжұлдызындағы α Лира жұлдызы және Бүркіт шоқжұлдызындағы α Бүркіт жұлдызы жазғы аспан үшбұрышын құрайды.
Аққу | |
лат. Cygnus (і. с. Cygni) | |
Қысқартылуы |
Cyg |
---|---|
Символы |
Аққу |
Тура көтерілуі |
19h 05m бастап 21h 58m дейін |
Еңістігі |
+27° 30’ бастап +60° 55’ дейін |
Ауданы |
804 кв. градус |
Ендіктерде көрінуі |
+90° бастап −29° дейін |
Ең жарық жұлдыздары (көрінерлік жұлдыздық шама < 3m) | |
| |
Метеор ағындары | |
| |
Көршілес шоқжұлдыздар | |
Ортаққордағы санаты: Cygnus (constellation) |
Ең алғаш рет аққу щоқжұлдызы Клавдий Птолемейдің «Альмагест» кітабында «құс» деген атаумен кездеседі. Егер бір деректер бойынша, аққуды Леданың артынан жүретін Зевс деп айтса, басқа деректер бойынша Аққу Лира шоқжұлдызының қасында орналасқан Орфей деп айтылады.
Көп жағдайда бүгінгі шоқжұлдыздардың аты грек тілінде айтылса, жұлдыздардың аты арабша айтылады. Соған байланысты аққуды гректер «орман құсы» деп, ал арабтар «тауық» деп атаған. Арабтардың «тауық» деп атауының себебі, аққу шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы – денеб араб тілінен аударғанда «тауықтың құйрығы» деген мағынаны береді.
Батыс мифологиясы бойынша Аққу шоқжұлдызы туралы үш түрлі айтылым бар:
Осы екі ертегідегі оқиға бойынша, Немезида жұмыртқа табады да оны Гермеске береді (кейбір айтылым бойынша Спартаның әйел патшасы Ледаға береді, кейбірі бойынша бір қойшыға береді). Сол жұмыртқадан Гректің ең әйгілі сұлу аруы Елена (Helen of Troy) өсіп шығады.
Жазғы-күзгі үшбұрыш құрамына үш шоқжұлдыз кіреді. Олар: Аққу, Бүркіт және Лира. Бұл шоқжұлдыздардың барлығы да өте жарық және ашық аспаннан оңай табуға болады. Яғни үшбұрышты осы шоқжұлдыздардың ең жарық жұлдыздары құрайды. Аққудың ең жарық жұлдызы – Денеб, Бүркіттікі – Альтаир, Лираныкі – Вега.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.