Аққанат , калла (лат. Calla) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында (Қазақстанда да) өсетін 1 түрі – батпақ аққанат (С. palustrіs) бар. Осы түрді Солтүстік Қазақстандағы Қамысты көлінің жағасынан 1958 ж. алғаш рет С.Арыстанғалиев жинаған. Оның биіктігі 10 – 35 см. Тамыр сабағы жуан, бөлшектенген, жатаған. Жапырақтары ұзын сағақты, пішіні жүрек тәрізді (ұзындығы 16, ені 11 см). Көктемнің басында аппақ жабынмен жабылған гүлшоғыры, кейін қызыл жемісі бар, жеке гүлдегі бірігіп өскен тығыз, қысқа жемістер тобы алыстан көз тартады. А-тың жемісі негізінен су құстары арқылы таралады. Улы өсімдік. Оңтүстік Африкада өсетін зантедесхия (Zantedeschіa) деген туыстың кейбір түрлерін «калла» деген атпен оранжереялар мен жылыжайларда қолдан өсіреді.[1]

Quick Facts Аққанат, Амандық күйі ...
Аққанат
Thumb
Амандық күйі
Thumb
Қатерсіз (TNC)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Araceae
Кіші тұқымдасы: Calloideae
Тайпасы: Calleae
Тегі: Calla
Карл Линней
Түрі: C. palustris
Екі-есімді атауы
Calla palustris
Карл Линней
Close

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.