Ақтау Халықаралық әуежайы
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық Ақтау Әуежайы Қазақстандағы халықаралық әуежай. Ол Ақтау орталығынан 21 км қашықта орналасқан.
Ақтау Халықаралық Əуежайы Aktau International Airport | |||
---|---|---|---|
IATA: SCO – ICAO: UATE | |||
Қысқаша мәлімет | |||
Әуежай түрі | Қоғамдық | ||
Операторы | "Ақтау Халықаралық Əуежайы" ЖШС | ||
Қызмет көрсетеді | Ақтау | ||
Орналасқан орны | Ақтаудан солтүстік-батысқа қарай 21 км | ||
Тасымалдаушы Хабы | SCAT | ||
Теңіз деңгейінен биіктігі | 22 м / 72 ф | ||
Координаттар | 43°51′36″ с. е. 051°05′31″ ш. б.43.86000° с. е. 51.09194° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Сайты | |||
Ұшып-қону жолақтары | |||
Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
м | фут | ||
12/30 | 3,052 | Асфальт | |
Дереккөздер: Қазаэронавигация[1] |
1983 жылдан әуежай бастап жұмысын іске асыруда және азаматтық авиацияда пайдаланылатын барлық әуе кемелердің түгелдей дерлiк түрлерiн қабылдау мен ұшыру үшін жабдықталған.
1996 жылғы қараша айында «Ақтау Халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы құрылды. Әуежай Ил-76, АН-124 «Руслан» ауыр жүк тиейтін әуе кемелер түрлерін қабылдайды.
2007 жылғы желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімдігі "Ақтау Халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100% мемлекеттік пакетін жеке ұйымның сенімгерлік басқаруына беруге тендер өткізді. Акциялар "ATM GRUP Uluslararasi Havalimani YAPIM Yafirim ve lslet-me Ltd St" ЖШС-не 28 жыл мерзімге берілді. Сол жылы АТМ GRUP ЖШС мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында 30 жыл мерзімге жаңа жолаушылар терминалын салуға және басқаруға концессия шарты жасалды. Каспийаралық өңірдегі мұнай саласының қарқынды дамуы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды, мұнайшыларға қажетті жабдықтарды тез жеткізу үшін, өз кезегінде жаңа жолаушылар терминал құрылысын салу мен әуежайды қайта жаңғырту қабілеттілігін туғызды. Сенімгерлік Басқарудың шартына сәйкес әуежайды қайта жаңғырту және ұшып-қону жолағын ұзарту, жүргізу жолағын және перронды қайта жаңарту, санатсыз ОМИ жарық дабыл жүйесін ИКАО халықаралық стандарттарына лайықты бірінші санаттағы ОВИ жүйесімен алмастыру жүргізілуде. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін ҰҚЖ-ның ұзындығы 3060 м., ені 45 м., жабылғы тығыздығы кемінде 50 PCN құрайды. Бұл максималды ұшу массасы бойынша барлық ауыр жүк тиейтін кемелерді шектеусіз қабылдау мүмкіндігін береді.
2009 жылы жаңа жолаушылар терминал құрылысын салу аяқталды. Терминалдың өткізу қабілетілігі сағатына 450 жолаушы, VIP және CIP - залдарын атқаратын ауданды қоса алғанда, жалпы ауданы 13 400м2 құрайды. Жолаушылар терминалының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін, қазіргі заманғы құралдармен, қауіпсіздік пен күзетті қоса алғанда, жаңа электронды және электромеханикалық жүйелермен, оның ішінде: телескопиялық жолаушылар көпірлерімен, электронды тіркей бағанымен, HVAC- салқындату мен жылыту жүйесімен, FIDS - электронды таблода ұшулар туралы хабарлау жүйесімен, X- RAY- ренгенді сканерлермен, CCTV- бейнебақылау жүйесімен, лифттер мен эскалаторлармен жабдықталған.
2009 жылы әуежай «ТМД елдер арасында ең үздік әуежай» байқауында 2008 жылғы «ТМД елдер арасында қарқынды дамушы әуежай» номинациясында жеңімпаз болды.
2010 жылғы мамыр айында Ақтау әуежайы 2009 жылғы «ТМД елдер арасында перспективті дамитын әуежай» болып мақұлданды.
Қазіргі уақытта Ақтау әуежайы, Астана және Алматы әуежайларынан кейін, тасымалдаулар көлемі бойынша Қазақстан Республикасында расында үшінші орында тұр. Әуежайда қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар қызмет көрсетеді, олар 8 ішкі және 16 халықаралық бағыттар бойынша ұшуларды орындайды. Ақтау қаласынан Мәскеу, Ыстанбұл, Баку және Киев қалалары арқылы, әлемнің кез-келген нүктеcіне жетуге болады. Қазақcтанның барлық жолаушылар транзиті өңірлік авиакомпаниялардың арқасында жүзеге асырылады, олар жолаушылар потенциялы азырақ қалалардан (Атырау, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал) жолаушыларды Ақтау әуежайына жинап, олар аталған 4 ірі әуежайлардан әрі қарай дүние жүзіне шығады. Қазіргі таңда әуежай облыстың транзитті потенциалын іске асыру мақсатында әлемнің түйістіру әуежайларына жаңа бағыттарды ашу бойынша маркетинг жұмыстарын жүргізеді.
Тасымалдаушы Атауы |
Бағыттары |
---|---|
Ресей Аэрофлот | Mәскеу-Шереметьево[2] |
Қазақстан Air Astana | Алматы, Астана, Атырау, Лондон-Хитроу |
Қазақстан SCAT | Ақтөбе, Алматы, Астана, Астрахан, Атырау, Баку, Көкшетау, Ыстамбұл-Ататүрік, Краснодар, Махачкала, Минеральные Воды, Мәскеу-Внуково, Орал, Шымкент, Тбилиси |
Қазақстан Qazaq Air | Атырау |
Ресей Red Wings | Екатиренбург |
Қазақстан Fly Arystan | Алматы, Астана, Ереван, Ақтөбе |
Жолаушылар саны
2008 — 474 000 [3]
2009 — 450 000 [4]
2010 — 585 000 [5]
2013 — 776 000
2014 — 813 746
2015 — 845 710
2016 — 865 774
2017- 1 072 400 [6]
2018 - 1 023 900[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.