From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақсу ауданы — 1938-1997 жылдары болған Қазақ КСР (1991 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы) Павлодар облысының әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Ермак (1993 бастап - Ақсу) ауылы (1961 бастап - қала).
Каганович ауданы 1938 жылы 14 ақпанда Павлодар және Бесқарағай аудандары аймағының бір бөлігінен Павлодар облысының құрамында құрылды.
1951 жылғы мәліметтер бойынша ауданға 10 ауылдық кеңес: Грязнов, Ермак, Қызылжар, Құркөл, Ленин, Марков, Потанин, Сынтас, Шыған және Чкалов кірді.
1957 жылы 16 тамызда Каганович ауданы Ермак ауданы болып өзгертілді.
1992 жылы 21 ақпанда Ермак ауданы Ақсу ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда Ақсу ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу қаласының әкімшілік басқаруына берілді[1].
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 14 ауылдық, 1 кенттік кеңес пен 42 елді мекен болған:[2]
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Алғабас ауылдық кеңесі | Алғабас ауылы | Алғабас |
Гагарин ауылдық кеңесі | Евгеньевка ауылы | Евгеньевка |
Грязнов ауылдық кеңесі | Грязновка ауылы | Грязновка, Дөнентаев, Евден, Қазалы, Сырлықала |
Еңбек ауылдық кеңесі | Путь Ильича ауылы | Еңбек, Путь Ильича |
Калинин ауылдық кеңесі | Жидковка ауылы | Жаңашаруа, Жданово, Жидковка, Тоқашапқан |
Куйбышев ауылдық кеңесі | Куйбышево ауылы | Жаңаауыл, Куйбышево, Тұзауыл, Юбилейное |
Қалқаман кенттік кеңесі | Қалқаман кенті | Қалқаман, Сольветка |
Қызылжар ауылдық кеңесі | Қызылжар ауылы | Барынтал, Құрымсы, Қызылжар |
Үштерек ауылдық кеңесі | Үштерек ауылы | Үштерек |
Парамонов ауылдық кеңесі | Парамоновка ауылы | Парамоновка |
Пограничный ауылдық кеңесі | Пограничное ауылы | Ескі Парамоновка, Марковка, Пограничное, Пограничник, Спутник |
Приозёрный ауылдық кеңесі | Приозёрное ауылы | Приозёрное |
Сынтас ауылдық кеңесі | Айдакөл ауылы | Айдакөл, Көктас, Қарабай, Потанино, Төртқұдық |
Целинный ауылдық кеңесі | Құркөл ауылы | Құркөл, Смағұл, Целинное |
Чкалов ауылдық кеңесі | Жолқұдық ауылы | Жаңамайдан, Жолқұдық, Қаракөл, Ребровка |
1939 жылғы санақ бойынша ауданның ұлттық құрамы келесідей болды: қазақтар - 65,0%, орыстар - 23,4%, украиндар - 7,2%[3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.