Ақмарқа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақмарқа (лат. Aspius aspius) – тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балық.
Ақмарқа | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Aspius aspius (Карл Линней, 1758) |
Дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. Балтық теңізі мен Қара теңізде кездеседі. Қазақстанда Ақмарқаның 2 түршесі бар: Бір түршесі – Каспий су алабында (Балқаш – Іле су алабында жерсіндірілген); екіншісі – Арал теңізінде, Сырдария мен Сарысу, Шу өзендерінде тіршілік етеді. Соңғысын Сыр, Шу ақ балығы деп те атайды. Ақмарқа 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір – мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. Шабағы – майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар. [2][3][4]