Ақкөл (қала)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ақкөл (қала)

Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған.

Географиялық орны

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала
Ақкөл
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Ақмола облысы

Ауданы

Ақкөл ауданы

Әкімі

Әбенов Қажымұқан Шайкенұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°59′39″ с. е. 70°57′08″ ш. б.51.99417° с. е. 70.95222° ш. б. / 51.99417; 70.95222 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1887

Бұрынғы атаулары

Алексеевка

Қала статусы

1965

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 879[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар 39,14 %
қазақтар 38,82 %
украиндар 6,34 %
басқалары 15,70 %[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71638

Пошта индекстері

020100

Автомобиль коды

C

Ақкөл картада
Ақкөл
Ақкөл
Ақкөл картада
Ақкөл
Ақкөл
Close

Астана қаласынан солтүстікке қарай 107 км-дей жерде, Ақкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауын ала орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1887 жылы қаланған. 1939 жылы кент, 1965 жылы қала мәртебесін алды.

Халқы

Тұрғыны:

  • 14 217 адам (2009);
  • 13 802 адам (2011);
  • 13 586 адам (2012);
  • 13 610 адам (2013);
  • 13 725 адам (2014).
More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Саны (2009, 2021)[3]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
14217 16017 112,7 6813 7919 116,2 7404 8098 109,4
Close

Климаты

Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы — 17°С, шілдеде – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм.

Кәсіпорындары

Құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-механикалық орталығы, қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт зауыттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді.


Инфрақұрылымы

Аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, мектепаралық оқу-өндірісі комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық балалар үйі, мектеп-интернат, шипажай, кәсіптік-техникалық училище, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мұражай бар. Ақкөл арқылы ПетропавлАстана темір жол және автомобиль жолдары өтеді.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.