Ақалтеке жылқысы[1](түрікм: Ahal-teke aty) — түрікмен халқының арғымақ түрі.
Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.
Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары [дереккөзі?]. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.
Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Түркістан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент).[2]
Тарихы
Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220—40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында — теке, жәуміт руында — жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты.
Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған.
Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен.
Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады.
Түрікмен жүйрік аттарының күні
Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашқабатта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары мен емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған.[3]
Өрбітуі
КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т.б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады.
Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған.
Қызық деректер
Табиғи сұлу қалпымен қатар, ақалтеке жылқысы барынша төзімді де болып келеді. 1935 жылы түрікменнің 30 жігіті оның төзімділігіне, ерекше қасиетіне әлем назарын аудару үшін Ашғабттан Мәскеуге атпен сапар шеккен. Бұл сол кездегі КСРО деңгейінде тараған ерекше шаралардың бірі болыпты. Жорыққа қатысқан жігіттердің бәріне орден беріліп, бір-бір құсмылтық сыйға тартылған екен.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Akhal-Teke |
- Федерация конного спорта Казахстана: конный спорт в Казахстане(қолжетпейтін сілтеме) — ахалтекинская порода (орысша)
- Қазақстандағы ақалтеке өсіретін шаруашылықтар(қолжетпейтін сілтеме) (орысша)
- Akhal Teke Horses Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2008 жылы. — тарихы (ағылш.)
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.