АҚШ Өкілдер палатасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасы[1][2] (ағылш. House of Representatives of the United States of America) — АҚШ Конгрессінің төменгі палатасы. Палатаға федералдық заң жобаларын қабылдау жүктеледі; Сенат қабылдағандары президентке қол қоюға немесе вето қоюға жіберіледі. Палатаның атқарушы билік өкілеттіктеріне кірістер туралы барлық заң жобаларына бастамашылық жасау, федералдық лауазымдағыларға импичмент жариялау және Сайлаушылар алқасында бірде-бір кандидат көп дауыс жинамаған жағдайда президентті сайлау кіреді.
АҚШ Өкілдер палатасы ағылш. US House of Representatives | |
118-шақырылымы | |
Мемлекет | |
---|---|
Түрі | |
Түрі |
АҚШ Конгрессінің төменгі палатасы |
Сайлану мерзімі |
2 жыл, қайта сайлану шектелмеген |
Басшылығы | |
Спикері |
Майк Джонсон, Республикалық |
Көпшілік көшбасшысы |
Стивен Скэлис, Республикалық |
Азшылық көшбасшысы |
Хаким Джеффрис, Демократиялық |
Құрылымы | |
Фракциялары |
Демократиялық партия (216) |
Сайлауы | |
Дауыс беру жүйесі |
салыстырмалы көпшілік жүйесі (46 штат) |
Соңғы сайлауы |
8 қараша 2022 |
Жиналыс залы | |
Штаб-пәтері | |
Тарихы | |
Құрылуы |
1787 жыл |
Ізашары |
Конфедерация Конгрессі |
Палатадағы өкілдер саны 435 тең, бұл сан Конституцияда бекітілген және 1963 жылдан бері өзгермеген. Штаттың әр өкілі екі жыл сайын сайланып отырады, қайта сайлану саны шектелмеген. Палатаның көшбасшысы — өкілдер сайлайтын спикері.