From Wikipedia, the free encyclopedia
Атитлан- конус пішінді, Гватемс тауларындағы Атитлан көліне жуық маңда орналасқан қалың қабатты жанартау болып табылады.
Бұл жанартау 1469-1853 жылдар аралығында он реттен артық атқылаған болатын. Сондықтан Атитлан белсенді жанартаулар қатарында. Бұл аймақ саяхатшылардың жаяу аралап, қызықтайтын орны болып табылады. Атитлан - Сан-Педро және Толиман аймақтарында орналасқан үш жанартаудың арасындағы ең жасы әрі ең белсендісі. Толиман жанартауы Атитланға жақың солтүстік жағында орналасқан. Ол Атитлан көлінің оңтүстік жағалауынан басталады. Толиман - орталық Америкада созылып жатқан жанартаулар доғасының бір бөлігі. Атитлан жанартауы маңындағы орманда өте сирек кездесетін екі әдемі құс тіршілік етеді. Жанартаудың оңтүстік жағында кальдера бар. Солтүстігінде өсімдіктер көп өседі. Ал оның оңтүстік баурайы құрғақ болып келеді. Онда өсімдіктер жоқ. Тұтқыр лава, күмбез түрінде атқылаған Толиманмен салыстырғанда Атитланның атқылауында пирокластикалық материалдар басым болған. Атитлан - конус тәріздес лава қатпарарынан тұратын құрама жанартау.
1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.