Артур Шопенгауэр
неміс ойшылы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Артур Шопенгауэр (нем. Arthur Schopenhauer; 22 ақпан 1788 жыл, Гданьск – 21 қыркүйек 1860 жыл, Майндағы Франкфурт) — неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы "Ерік және түсінік ретіндегі әлем." Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, Иммануил Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды.
Артур Шопенгауэр | |
нем. Arthur Schopenhauer | |
Шопенгауэр 1859 жылда | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Гданьск, Поляк-Литва одағы |
Қайтыс болған күні |
21 қыркүйек 1860 (1860-09-21) (72 жас) |
Қайтыс болған жері |
Майндағы Франкфурт, Герман одағы |
Ұлты | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Бағыты | |
Кезең |
XIX ғасыр философиясы |
Негізгі қызығушылығы | |
Ықпал еткендер |
Платон, Иммануил Кант, Йоганн Вольфганг фон Гёте, Бенедикт Спиноза, Дэвид Юм, Джон Локк |
Қолтаңбасы |
Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі.
Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек XX ғасыр орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.