From Wikipedia, the free encyclopedia
Апиын көкнәрі (лат. Papaver argemone)-көкнәрлар тұқымдасына жататын біржылдық шөптектес өсімдік.
Қазақстанда көкнәр туысының 11 түрі өседі, оның көбі жабайы, ал апиын көкнәрі мәдени түрі. Тамырының ұзындығы 20см, сабағы тік түксіз, көкшіл-жасыл түсті, биіктігі 100-150см. Жапырағы көкшіл-сұр түсті, жапырақ тақтасының жиектері терең иректелген салалы, сағақсыз, сабаққа кезектесе отырмалы бекінеді. Маусымда гүлдейді, гүлдері ірі, жеке-жеке орналасады, гүлшоғыр құрамайды. Гүлінде 2 тостағанша жапырақша (гүл жарғанға дейін нәзік күлтелерінің сыртын жауып қорғап тұрады, гүлі ашыла сала дереу түсіп қалады). 4күлте, көп аталық, 14-16аналық болады. Күлтелері тостағанша жапырақшасы ішінде жұмырлана бүктеліп жатады. Алғаш тостағаншаның ішінде күлтелері бояусыз (ақ түсті) бірте-бірте ашыларға жақындағанда өзіне тән түске (қызыл, қызғылт, күлгін, ақ және т.б.) боялады. Гүлі ашыла сала күлтесінің жұмырланған қатпарлары дереу жазылып тегістеледі. Тостағаншасы ашылмай тұрған күйін -бітеугүл немесе гүлшанақ(бутон дейді). Жемісі- қауашақ. Аналықтың ауызы қатайып шеті иректеліп қақпақ тәрізді дөңгеленіп қауашақтың үстіңгі жағын жауып сақталып қалады. Тұқымдары өте көп, ұсақ, бүйрек пішінді. ақ, сұр, қара түсті. Өсімдіктің барлық мүшесінде болатын бунақты түтіктерінен сүт бқлінеді, сүті ауада тез қатайады, оны апиын (грекше "опос"-шырын) дейді. Сүт шырынында 20-дан астам алкалоидтар бар, олар: морфин, кодеин, папаверин (көкнәрдің латынша аты), протопин, тебаин және т.б. Гүлдің формуласы: [1].
Апиын- Көне Грекияда да, Египетте де дәрі есебінде ерте заманнан белгілі болған. Парсы елдерінде апиынды тек дәрігерлердің рұқсатымен қолданған. Қытайда апиын туралы медициналық мәлімет 973 жылы жазылған. 1669 жылы ағылшын дәрігері Томас Сайденгейм апиынның бәйшешекпен қосылған спирттегі ерітіндісін ауруға қолданудың дәл мөлшерін анықтаған. Апиынның белгіленген мөлшері артық болса уландыратынын ескерткен. Өсімдіктің барлық мүшесі улы.
Алколоидтардың ішінде морфинді 1803 жылы неміс дәріханашысы Фридрих Вильгельм Сертюнер анықтап бөліп алған. Сертюнер морфиннің ұнтағын иттің тамағына қосып бергенде иттің қатты ұйқыға кетіп, ауырған жерін сезбейтіндігі анықталған. Бұл препаратты Сертюнер ұйқы құдайы есімімен атаған. Орта ғасырларда апиынды темекі секілді тарта бастаған, ондай адам басы айналып бейжай болып шала ұйқыға кететін болған. Апиынды тарту Кіші Азиядан басталып шығысқа, әсіресе Қытайға таралған. 1796 жылы Қытай үкіметі апиын таратуға тыйым салады. 1820 жылдан бастан апиынды ше елдерге шығаруға тыйым салынған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.