From Wikipedia, the free encyclopedia
Аншлюс (немісше Anschluß — қосып алу) — Германияның өз құрамына Австрияны күштеп қосып алуын білдіретін термин. 30-ж. Гитлер мен Зейсс-Инкварт басқарған австриялық ұлтшыл-социалистер Австрияны Германияның құрамына қосып алуға тыйым салатын Версаль және Сен-Жермен бейбіт келісім шарттарына (1919) қарсы дайындықтар жүргізді. 1937 жылы Гитлер Италия диктаторы Муссолинидің келісімін алып, Австрияны жедел түрде басып алу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы 12 наурызда Германия Австрия территориясына әскер кіргізіп, Аншлюсты жүзеге асырды. Австрия рейхтың құрамына кіретін “герман мемлекеті” деп жарияланды. Англия, Франция және АҚШ герман басқыншылығына ешқандай қарсылық білдірместен Аншлюсты мойындап, өздерінің Венадағы дипломат. өкілдіктерін кері шақырып алды. Австрияның тәуелсіздігі 1945 жылы сәуірде, Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында азат етілген соң қалпына келтіріліп, Аншлюсқа тыйым салатын Мемлекеттік келісім шарт (1955) арқылы заңдастырылды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.