Антипротон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Антипротон — протонға қатысты антибөлшек. А. мен протонның массасы мен спині бірдей, ал электр және бариондық заряды, магниттік моменті абсолют шамалары жағынан тең де, таңбалары жағынан қарама-қарсы болады. А-ды алғаш 1955 ж. америкалық физиктер О.Чемберлен, Э.Сегре, К.Виганд және Т.Ипсилантис тәжірибе жүзінде протондық үдеткіште (ең жоғ. энергиясы 6,3 Гэв) алды. А. зат ядросындағы протондармен және нейтрондармен соқтығысқанда аннигиляттанады. А. аннигиляттану нәтижесінде орта шамамен 4 — 5 м-мезон пайда болады. Қазіргі үдеткіштерде А-ның аса өткір шоғы алынады.