![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/%2522Father%2522_and_%2522Mother%2522_of_the_series_%2522Spin_Family%2522.jpg/640px-%2522Father%2522_and_%2522Mother%2522_of_the_series_%2522Spin_Family%2522.jpg&w=640&q=50)
Спин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Спин ( (ағыл.)spіn – айналу) – элементар бөлшектердің не осы бөлшектерден құралған жүйенің (мысалы, атом ядросы) меншікті қозғалыс мөлшерінің моменті.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/%22Father%22_and_%22Mother%22_of_the_series_%22Spin_Family%22.jpg/640px-%22Father%22_and_%22Mother%22_of_the_series_%22Spin_Family%22.jpg)
Спиннің бөлшектердің кеңістіктегі қозғалысымен байланысы жоқ, оның тек кванттық табиғаты бар. С. Планк тұрақтысы (ћ) бірлігімен өлшенеді және ол мынаған тең: J ћ мұндағы ћ=h/2 (h – Планк тұрақтысы), J – әр бөлшектің өзіне тән бүтін (бұған 0 саны да енеді) және жартылай бүтін сан. Ал J санын спиндік кванттық сан не спин деп атайды. Кванттық механика бойынша спин векторының квадраты ћ2 J(J+1). Жартылай бүтін спині (J=1/2) бар бөлшектер фермиондар деп, ал бүтін спині бар бөлшектер бозондар деп аталады. Спин – микробөлшектердің негізгі қасиеттерінің бірі. Микробөлшектерде спиннің болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Физикаға спин туралы көзқарасты 1925 жылы голланд ғалымдары Дж.Уленбек және С.Гаудсмит енгізген.[1]