![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/AnivaBay.png/640px-AnivaBay.png&w=640&q=50)
Анива шығанағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Анива шығанағы (Орыс тілі: Залив Анива, Жапон тілі: 亜庭湾) — Сахалин аралының оңтүстігіндегі Охота теңізінің айдыны мен Лаперуз бұғазын қосатын шығанақ. Ені 104 метр, ұзындығы 90 км., ең терең жері 93 м., жағалауы жазық.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/AnivaBay.png/320px-AnivaBay.png)
Қоңыржай белдеудің муссондық аймағында жатыр. Суының температурасы ақпанда 0С, тамызда 15-16С, тұздылығы 32,5. Толығу кезіндегі толқын биіктігі 1,6 метр. Шығанақ балыққа бай (албырттар, майшабақ, түйетабан, краб т.б.).
Жағалауындағы басты порттары: Анива және Корсаков.