Анарбек Жұматайұлы Нақысбеков - Бірлік ауылында туған. Қазақ. Суретші-кескіндемеші, портретші. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының профессоры. ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2008 жылдан). КСРО, ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1978 жылдан).
- 1975 жылдан бері - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының академиялық кескіндеме кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, профессоры, 1993-2002 жылдары - кафедра меңгерушісі.
- Қазақстанның Суретшілер одағы басқармасының жауапты хатшысы (1982-1986).
- «Балалық шағымның әлемі» жұмысының сериясына кірген композициялы-тақырыптық картиналардың авторы.
- Жұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, ГФР, Лихтенштейн, Швейцария, Дания, Норвегия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Болгария, Венгрия, Чехия, Түркия, Кипр, ТМД елдерінің және т.б. мұражайларында қойылған.
- ҚазКСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1982).
- КСРО және ЧКСР жас суретшілер конкурстарында алтын медальдармен, халықаралық конкурстаржәне көрмелердің құрмет грамоталары мен дипломдарымен марапатталған.
- Әкесі - Нақысбеков Жұматай, марқұм. Анасы - Нақысбекова Мәкен, батыр-ана.
- Үйленген. Жұбайы - Нақысбекова Индира Айтқұлқызы (1960 жылы туған), үй шаруасымен айналысады.
- Ұлдары - Қуаныш (1985 жылы туған), экономика және құқық магистрі; Әнуар (1988 жылы туған), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының магистранты..[1]
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2