From Wikipedia, the free encyclopedia
Амфиумдар (лат. Amphiuma) – құйрықты қосмекенділердің монотипті тұқымдасы. Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс өңіріндегі көлдер мен батпақты жерлерде тіршілік ететін 3 түрі белгілі. Жиі кездесетін түрі – амфиум (Amphіuma means). Амфиумдардың денесінің ұзындығы 70 – 100 см, жыланға ұқсайды. Аяқтары өте нашар жетілген, сондықтан жүре алмайды. Тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді. Жұмыртқаларын құрлықтағы су жағалауына жақын ылғалды жерлерге салады. Аналықтары жұмыртқаларының шоғырын ұрық дамып жетілгенше денесімен шиыршықтап орап жатады. Амфиумдардың дернәсілдік ерекшеліктері өмір бойы сақталады. Көздері тері жабынымен қапталған. Өкпесімен бірге бір жұп ішкі желбезектері арқылы да тыныс алады. Амфиумдардың көптеген ерекшеліктері нағыз саламандра тұқымдасына ұқсас болғандықтан, кейбір ғалымдар Амфиумдарды саламандралар отряд тармағына жатқызады.[1]
Амфиумдар Қазбалық ауқымы: Pleistocene–present | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Amphiuma means
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||
Amphiuma means |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.