Альбрехт Дюрер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Альбрехт Дюрер (нем. Albrecht Dürer, 21 мамыр 1471, Нюрнберг — 6 сәуір 1528, Нюрнберг) — неміс суретшісі, портрет жанрының шебері, ксилографияның еуропадағы қас шебері деп танылған, Қайта өрлеу дәуірінің ең үздік батыс еуропалық шебері. Өз заманының көптеген қайраткерлерінің сан алуан іс әрекеттеріне үңіле қараған суретші адам образын өз шығармашылығының басты такырыбы етіп алды. Ол бейнелеген жандар халық үшін қалтқысыз қызмет еткен әр мінезді, әділетті, парасатты қайраткерлер. Айырылмас досы Пиркгеймер, жазушы досы Роттердамдық Эразм, қоғам қайраткерлері Мелантхон портреттері — суретшінің гуманистік идеяларын жан-жақты ашып көрсететін, терең мағыналы шығармалар. Сонымен қатар әлемге аты кең тараған: "Жас жігіт портреті" (Дрезден сурет галереясы), "Кәрі бюргер" (Мадрид), Хальциеуар портреті (Берлин), өмірінің соңғы жылдарында аяқтаған "Төрт апостол" (Мюнхен) және басқа да туындылар Дюрер есімін Рафаэль, Тициан, Джорджоне есімдерімеп қатар қоюға мүмкіндік береді.
Альбрехт Дюрер | |
нем. Albrecht Dürer | |
"Жүннен жасалған киіммен автопортрет", 1500.ж | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Нюрнберг, Қасиетті Рим империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Нюрнберг, Қасиетті Рим империясы |
Азаматтығы | |
Жанры | |
Ескерте кететін бір жайт, Дюрер суретшілердің ішінде бірінші болып қарапайым халық өкілдерінің бейнесін реалистік жолмен көрсетуге тырысты. Мысалы, 1497—1500 жылдары жазылған "Үш шаруа" деп аталатынын сурет — шаруалар соғысы қарсаңындағы әлеуметтік жағдайды көрсететін, тарихи маңызы бар шығарма. Сол сияқты "Шаруа және оның әйелі", “Би үстіндегі шаруалар”, “Жәрменкеге бара жатқан екі шаруа” тағы басқа бірқатар еңбегі арқылы Дюрер сол кездегі ел тұрмысын шынайы суреттеп берді. Және қарапайым адамдар — қолөнершілер, жер емген шаруалар өмірі өзекті тақырыптарының біріне айналған еді.
Өнер тарихында Дюрер тек қана суретші ретінде ғана қалған жоқ. Бос уақытында ол мүсін, сәулет үлгілерімен де айналысты. Ғылымның қоғамдағы орнына айрықша назар аударып, суреткер Италия математиктерінің, Нюрнберг астрономдарының күрделі еңбектерімен жан-жақты танысты, соғыс бекіністерін салу туралы арнаулы еңбек жазған инженер болды. "Пропорциялар туралы төрт кітап" атты трактаты суретшілердің тамаша өсиет кітабына айналды.
Альбрехт Дюрер 1528 жылы 6 сөуірде дүние салды. Содан бері 480 жылдай уақыт өтсе де, ұлы неміс суретшісінің есімі дүниежүзілік мәдениет, өнер, ғылым тарихында аса көрнекті орын алады.