Алексей Ираклиевич Левшин (1798-1879) - Ресей тарихшысы, түркітанушы.1845 жылдан Ресей география қоғамының негізін қалаушылардың бірі және 1873 жылға дейін сол қоғамының төрағасының көмекшісі және Кеңестер мүшесі болған. Ресей империясының мемлекеттік қайраткері. Қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған адам.[1]
Өмірбаяны
Алексей Ираклиевич Левшин 1798 жылы Ресей империясының Тульск губерниясында туған. Әкесі - Гераклий Алексеевич Левшин (1772), анасы - Сусанна Васильевна. Левшиндер отбасында төрт ұл, екі қыз болған.
Федор Алекссвеевич Левшин (1884 жылы қайтыс болған)
Марапаттары мен сыйлықтары
Императордың Москвалық университетінің алтын медалі (1855)
Бүкіләлемдік лондондық көрмеге қатысқаны үшін Патшалық-Лондондық комиссияның арнайы медалі (1852)
ӘулиеАлександр Невский, Ақ Бүркіт, Әулие Владимирдің 2-ші дәрежелі, Әулие Аннаның 1-ші дәрежелі, Әулие Станиславтың 1-ші дәрежелі ордендерінің иегері.
Close
Алексей Ираклиевич Левшин 16 қыркүйек1879 жылы Курск губерниясы, Дмитриев уъезі, Хомутовка селосында қайтыс болады. Денесі Пожилиноға әкелініп Левшиндер тегінің склепінде (өлгендерді табытқа салып қоятын жер астындағы лақып) жерленеді.
Жетістіктері мен атақтары
Ресейде он шақты ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі.
1853-1856 жылдардағы соғысқа орайластырылған Андреев бауындағы естелік қола медаль;
шаруаларды азат етуге қатысқаны үшін алтын медаль.
Еңбектері
Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, 19 ғасырдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан көптеген мағлұматтар береді.
А.И.Левшин. Описание киргиз-казачьих, или кригиз-кайсацских, орд и степей (под общ. ред, акад. М.К.Козыбаева). - Алматы, "Санат", 2009. - 656 стр. ISBN 9965-664-84-6