І Александр (1777, Санкт-Петербург — 1825, Таганрог) — Ресей императоры[1]. (1801-25), І Павел-нің үлкен ұлы[2].

Quick Facts Лауазымы, Ту Ресей императоры ...
І Александр
Александр Павлович
Thumb
Thumb
Лауазымы
Ту
Ту
Ресей императоры
12 (24 наурыз) 1801 жыл — 19 қараша (1 желтоқсан) 1825 жыл
Тәж кигізу жорасы 15 (27 қыркүйек) 1801 жыл, Мәскеу
Ізашары Павел I
Ізбасары Николай I
Өмірбаяны
Діні Православ христиан
Дүниеге келуі 12 (23) желтоқсан 1777 (1777-12-23)
Санкт-Петербург
Қайтыс болуы 19 қараша (1 желтоқсан) 1825 (1825-12-01) (47 жас)
Таганрог
Жерленді Петропавл соборы
Династия Романовтар
Әкесі Павел I
Анасы Мария Фёдоровна
Жұбайы Елизавета Алексеевна (Луиза Баденская)
Балалары Мария (17991800)
Елизавета (18061808)
Қолтаңбасы Thumb
І Александр Ортаққорда
Close

Сарай қастандығынан қаза болған әкесінің орнына 1801 ж. 12 наурызда таққа отырды[3]. І Александр екі жүзді, өзімшіл, бірақ білімді, дипломат адам болған[4] . Капитализм дәуіріндегі революциялық қозғалыстың күшеюінен шошыған ол либералдық саясат жүргізген[5]. Ол билеген кезде І Петр тұсындағы коллегиялардың орнына министрліктер және министрлер кабинеті құрылды, Мемлекеттік кенес ұйымдастырылып, оған жоғары дәрежелі чиновгиктер тағайындалды, жоғары оқу орындары ашылды.

Өзі патшалық еткен кезеңнің соңғы он жылында аракчеевшілдікке дем беріп отырды. І Александр сыртқы саясатта жігерсіз болды. Оның соғыс қимылына араласуы салдарынан орыс әскері 1805 ж. Аустерлиц түбінде француздардан жеңіліп қалды.

1812 ж. Отан соғысында орыс армиясы Михаил Кутузовтың басшылығымен Наполеон әскерін талқандады. 1813-14 ж. Александр І Еуропа елдерінің Францияға қарсы коалициясын басқарды. 1814-15 ж. Вена конгресі басшыларының реакциялық Қасиетті одағын құрушылардың бірі болды.

Александр І тұсында Грузия (1801), Финляндия (1809), Бессарабия (1812), Әзірбайжан (1813) Ресей империясына қосылды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.