Айбасов көшесі (Алматы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көшеге қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, сталиндік репрессия құрбаны Бірмұхамед Айбасовтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 30.03.1999 № 301 шешімі) берілген. Айбасов Бірмұхамед (1892-1937) Ақмола облысында дүниеге келген. 1920 жылдары Ақмола облысының жер басқармасын басқарған. Айбасов көшесі Ақан сері көшесінен басталып, Жұмабаев және Дулатов көшелеріне дейін созылып жатыр.
- Довженко,
- Кассина,
- Сейфуллин даңғылын,
- Бехтерев көшелерін
-қиып өтеді.
Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Көшенін бұрынғы атауы - Липецкая көшесі. Көшенің ұзындығы - 950 метр.[1]