Түрксіб ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түрксіб ауданы (1995 жылға дейін — Октябрь ауданы) — Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Қазақ АКСР ОАК Президиумы шешімімен 1936 жылы 12 қыркүйекте Алматыда аудан шекарасы бекітіледі. 1938 жылы 8 сәуірде Қазақстан ОК КП (б) бюросының отырысында "жаңа Каганович ауданының құрылуы туралы" шешім қабылданады.1938 жылы 19 сәуірде қала кеңесінің президиумында ауданның шекаралары белгіленіп, орталығы Алматы І стансасында орналасқан Каганович ауданы ұйымдастырылады. 1957 жылдың шілдесінде Каганович ауданы Октябрь ауданы болып қайта аталады. 1995 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесін тойлаумен әрі алдағы Түркістан-Сібір темір жолының салынуының 70 жылдығымен байланысты Түрксіб ауданы болып атауы өзгереді. Аудан қаланың өнеркәсіп орталығы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады.[3]
Қала ішіндегі аудан | |||
Алмалы ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Қаласы | |||
Әкімі |
Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаров | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Алматы қаласы, Шолохов көшесі, №9 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
75,75 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
252 037[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (47,62%), орыстар (35,61%), ұйғырлар (8,03%), корейлер (1,49%), татарлар (1,27%), әзербайжандар (1,19%), басқалары (4,79%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 727 | ||
Автомобиль коды |
02 | ||