Інжурең қунақ (лат. Leucosticte brandti) - аршашыл қунақ тәрізді тау қунақтар туысына жататын танымал өкіл.

Thumb
Інжурең қунақ

Биологиялық сипаттама

Аршашыл қунақтан сәл үлкен денелі (26-35 г), інжурең қунақтың реңі аздап ақшылдау. Оның жоны - сұр, бауыры - ақшыл сұр; қанаты және басындағы "телпегі" - қара. Қанат бүгіндісіндегі ұсақ жабын қауырсындардың бозғылт қызыл "қабыршақтары" сұр бояу аясында болғандықтан, құсқа әдемі атау соның негізінде берілген. Дауысы едәуір алуан түрлі. Ұшып жүргенде қорсылдаған шақыру үнін шығарады. Жем жеген кездегі құстың шақыру үні - сыңғырлаған «чвик-чвик». Ұялары жартас астындағы қуыстарда немесе ірі тастардың арасында орналасады. Ұядағы балапандар торғайлар сияқты шиқылдайды. Биік тау өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді. Балапандарын қоректендіру үшін қунақтарға бірнеше шақырымға ұшып, кейде тіке биіктіктен бірнеше жүздеген метр төмен түсуге тура келеді. Қыста қары аршылған беткейді бойлап, кейде мыңдаған дарақтардан топ түзіп жылыстайды.

Таралуы

Аршашыл қунаққа қарағанда бұл құс одан да биік тауды ұнатады. Ол теңіз деңгейінен 3 500 м жоғары деңгейден төмендемейтін альпілік белдемнің жартастарында ғана (Тәңіртау, Жоңғар Алатауы, Сауыр) өмір сүреді, ал 4000 метрге жуық биіктікте ұялайды. Оның тіршілік дағдылары туралы мәлімет жоқ, тіпті көпке дейін ұясын да таба алмаған. Алғашқы үясы 1953 жылы Памирден табылған, ал Тәңіртаудағы ұясы тек қана 1980 жылы анықталды. [1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.