Жасыл гоблин
Marvel комикстеріндегі зұлым кейіпкер / From Wikipedia, the free encyclopedia
Жасыл гоблин (ағылш. Green Goblin, [grɪːən ˈɡɑbɫən]) — америкалық Marvel Comics баспасы шығаратын комикстердегі бірнеше түрлі суперзұлым алған лақап ат. Жасыл гоблиннің тұңғыш және баршаға таныс «инкарнациясы» — Стэн Ли мен Стив Дитко ойлап тапқан, сәтсіз химиялық тәжірибе нәтижесінде есін жоғалтқан ғалым Норман Озборн. Норманнан кейін Жасыл гоблин лақабын алған тұлғалар қатарында оның ұлы Хәрри Озборн бар. Гоблинның дизайны хэллоуин мерекесімен байланысып жасалған, қару-жарақтарының түрі елестер, қолқанаттар мен асқабақтар сияқты заттарға ұқсатылған. Жасыл гоблин кейіпкері Өрмекші-адам жауларының бірі болғаны үшін белгілі.
Жасыл гоблин | |
ағылш. Green Goblin | |
Планері көмегімен ұшып жатқан Жасыл гоблин («The Green Goblin lives again!», 1974) | |
Шығу тарихы | |
---|---|
Дебют |
The Amazing Spider-Man |
Авторлары | |
Кейіпкер сипаттамасы | |
Позициясы |
зұлым |
Альтер-эго |
Норман Озборн |
Лақап аттары |
Патша гоблин |
Түрі |
мутацияланған адам |
Командалар мен ұйымдар | |
Жаулары | |
Ерекше күштері | |
Гоблин формуласының көмегімен алған суперкүші, ептілігі және рефлекстері | |
Жабдықтауы | |
Ерекше стилі бар қару-жарағы мен планері |
Комикстер журналисі және тарихшысы Майк Конрой кейіпкерді «Жылдар бойы Өрмекші-адамға қарсы шыққан барлық бетперделі зұлымдардың ішінде ең жынды және қорқыныштысы» деп сипаттаған.[1] Жасыл Гоблин көптеген жылдар бойы Өрмекші-адамның көптеген медиа бейімделулерінде, соның ішінде фильмдерде, анимациялық телехикаяларда және видео ойындарда пайда болды. Фильмдердегі Норман мен Хәрри Озборндар рөлдерін Сэм Рэймидің Өрмекші-адам трилогиясында (2002–2007) Уиллем Дефо мен Джеймс Франко және «Жаңа Өрмекші-адам 2» (2014) фильмінде Крис Купер мен Дэйн Дехаан сомдаған. Дефо өзінің Норман Озборн рөлін Marvel кинематографиялық әлемінің (МКӘ) «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» (2021) фильмінде қайталады.