Marvel кинематографиялық әлемі
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Marvel кинематографиялық әлемі» (ағылш. Marvel Cinematic Universe; қысқ. МКӘ) — Marvel компаниясы комикстеріне негізделген және Marvel Studios компаниясы жасап шығарған суперқаһармандар туралы фильмдер сериясы, қияли әлем. Әлем ортақ сюжеттік желіге бірнеше фильмді актерлері және кейіпкерлерімен бірге біріктіру арқылы жаратылған. Сюжет біріктіруімен он бір фильм шыққан, бірақ қаһармандары сирек кездесіп тұрады: «Темір адам», «Таңғажайып Халк», «Темір адам 2», «Тор», «Капитан Америка: Бірінші кек алушы», «Кек алушылар», «Темір адам 3», «Тор: Түнек әлемі», «Капитан Америка: Қысқы жауынгер», «Галактика сақшылары», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Құмырсқа-адам» және «Капитан Америка: Азамат соғысы». Сонымен қатар 2016 жылдың 3 қарашасында «Доктор Стрэндж» шығады. «Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері», «Агент Картер», «Жанкешті», «Джессика Джонс» және Marvel One-Shots қысқаметражды фильмдер сериясы да осы әлемнің құрамына кіреді. «Галактика сақшылары»[1], «Галактика сақшылары 2», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі»[2], «Кек алушылар: Шексіздік соғысы», «Құмырсқа-адам мен Сона», «Өрмекші-адам: Қайта оралу», «Қара қабылан» және «Қара қабылан: Ваканда жасасын» — қазақ тіліне дубляждалған.
Marvel кинематографиялық әлемі | |
Marvel Cinematic Universe | |
Құрушысы |
Marvel Studios |
---|---|
Алғашқы туындысы |
Темір адам (2008) |
Фильмдер мен телесериалдар | |
Фильмдер |
|
Телесериалдар |
|
Ойындар | |
Компьютерлік |
|
Marvel кинематографиялық әлемі ең табысты фильмдер тізімінде $9,07 млрд сомамен бірінші орында, ал «Кек алушылар» және «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» кинокартинасы кинематография тарихындағы ең кассалы фильмдер тізімінде бесінші және жетінші орынды иеленеді.
МКӘ әрбір фильмінде соңында оларды бір әлемге біріктіретін басқа фильмге сілтеме бар. Marvel комикстеріне негізделген барлық басқа фильмдер бұл серияға мүлдем қатысы жоқ, өйткені оларды басқа кинокомпаниялар түсірген және араларында еш ортақ сюжеттік желі жоқ бірақ та барлық бұл қаһармандар комикстерде бір қияли әлемде.