From Wikipedia, the free encyclopedia
Сулдыр (лат. Blysmus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тянь-Шань тауларының сортаң топырақты шалғындарында, өзен бойларында, ылғалы мол батпақты жерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – қысыңқы сулдыр (Blysmus сompreessus). Биіктігі 15 – 40 см, тамыр сабағы жатаған, оның жер асты өскіндері болады. Сабағының төменгі жағы қысыңқы, жоғарғы бөлігі үш қырлы келеді. Төменгі қынабы қоңыр түсті, жапырақсыз, ал жоғарғылары 5 – 7 ұзын, шеті бұдырлы жапырақтан тұрады. Олар сабағынан қысқа болады. Гүлшоғыры – 5 – 10 гүлден құралған масақ. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – қара-қоңыр түсті, ұзын тұмсықты жаңғақша. Сулдыр – мал азықтық шөп.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сулдыр | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
қысыңқы сулдыр
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.