Ашығу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ашығу — тағамның не оның құраушыларының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы. А-дың физиологиялық, патологиялық және емдік түрлері бар. Физиологиялық А. аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде т.б. болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық А. тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай. Емдік ашығу семіздікті т.б. ауруларды тағам қабылдауды шектеу немесе толығымен тоқтату арқылы емдеу тәсілі ретінде қолданылады. Aштықпен емделу – физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.