Беларусь
Беларусь, ресми аталуы — Беларусь Республикасы — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жерінің көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 9 миллион 451 мың адам. Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск. Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент. Ол төменгі және жоғарғы палаталарынан тұрады.
Read article