From Wikipedia, the free encyclopedia
ПетроҚазақстан — тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы, оның акционерлері “Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы” және “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы болып табылады. “ПетроҚазақстан” компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, қазбалау, мұнай мен газды өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді. Интеграцияның нәтижесінде компанияның өз өнімінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктері бар.
«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) құрайды. Қызылорда облысында орналасқан ПҚҚР компаниясы мұнай өндірумен шұғылданады, ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында орналасқан ПҚОП компаниясы мұнайды қайта өңдеу ісімен айналысады. «ПетроҚазақстан» сондай-ақ Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында қызметін жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ндегі компанияның серіктесі – «ҚазМұнайГаз БӨ» ҰК, ал «Торғай Петролеум» АҚ-ндағы серіктесі – «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Б.В.». «ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеу мен дамыған маркетинг пен тасымалдау жүйесіне дейінгі біртұтас технологиялық тізбек.
Геологиялық барлау – компанияның болашағы, оның өсуінің қайнар көзі. Оңтүстік Торғай алабындағы геологиялық барлау жұмыстарына «ПетроҚазақстан» жыл сайын кем дегенде 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. Мәселен, 2008 жылы компания 22 барлау және бағалау ұңғымасын бұрғылап, бұл орайда далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын, сейсмикалық материалдарды егжей-тегжейлі өңдеуді және түсіндірме беруді іске асырды.
2005 жылы 15 қазанда «ҚҰМК Интернешнл» (CNPCI) және «ҚазМұнайГаз» ҰК (ҚМГ) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, ол бойынша CNPCI компаниясы ҚМГ пайдасына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған акцияларының жалпы көлемінің 33%-н табыстауға және Шымкент мұнай өңдеу зауытын ҚМГ компаниясымен бірлесіп басқаруға келісті. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды.
CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2006 жылғы 5 шілдеде CNPCI мен ҚМГ компаниялары ПҚОП-тың топшыланып отырған қайта ұйымдастырылуы турасында ПҚОП бойынша Уағдаластық туралы меморандум жасасты. Оған сәйкес 2007 жылғы 6 шілдеде ПҚҚР компаниясы ҚМГ компаниясына Valsera Holdings B.V. компаниясындағы (ПҚОП-тің негізгі қатысушысы) 50%-дық жанама үлесті аударды, ал қалған 50%-ы меморандумда көрсетілген шарттарда «CNPC Эксплорэйшн энд Девелопмент Компани Лтд» (CNPC E&D) компаниясына аударылды. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы одан кейін мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші активтерді интеграцияланған түрде басқаруды жалғастырды.
Біздің акционерлеріміздің, мықты ұлттық компаниялардың тәжірибесі, технологиялары мен инвестициялық мүмкіндіктері «ПетроҚазақстан» тобының дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.
«ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Канадада 1986 жылы «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» (2003 жылғы 2 маусымнан бастап Компания «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд» атауын «ПетроҚазақстан Инк.» етіп өзгерту мақсатында өзінің жарғысына өзгерту енгізді) құрды және 1991 жылға дейін қызметін негізінен батыс Канадада жүргізіп келді.
1996 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы Қазақстан Республикасымен арада қол қойылған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес Құмкөл кен орындары тобын иеленетін және басқаратын «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады. Сол сәтте Құмкөлдегі өндіру деңгейі шамамен күніне 55000 баррель мұнайды құраған еді. Аталған сатып алу мәмілесінің шеңберінде «ПетроҚазақстан Инк.» «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) АҚ-ндағы 100%-дық үлесті; «Құмкөл-ЛУКойл» ЖАҚ-ндағы (қазіргі «Торғай Петролеум» АҚ) 50%-дық үлесті және «Қазгермұнай» АҚ-ндағы 50%-дық үлесті сатып алды.
2000 жылы Топ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің (бұрынғы «Харрикейн Ойл Продактс» ААҚ, одан да бұрын «Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ) акцияларының 88,4%-ын сатып алуды аяқтады. ПҚОП компаниясы Шымкент қаласының жанында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауытын иеленеді. Республикадағы ең алдыңғы қатарлы Шымкент мұнай өңдеу зауытын сатып алғаннан кейін «ПетроҚазақстан Инк.» (ол кезде әлі «Харрикейн») Қазақстандағы алғашқы тігінен интеграцияланған мұнай компаниясына айналады. Шымкент МӨЗ кеңес дәуірінің ең жаңа технологиялары бойынша тұрғызылып, іске пайдалануға 1985 жылы берілген болатын. Бастапқыда кәсіпорын «Оңтүстікмұнайгаздың» бір бөлігі болатын, алайда кейіннен оны бөлек жекешелендіру туралы шешім қабылданды. Зауыт 1996 жылы жекешелендірілді. Батыс Сібір мұнайын күніне 160 000 баррельге дейін қайта өңдеу үшін тұрғызылған зауыт қазір шикізат ретінде Құмкөл кен орнынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өндіретін шикі мұнайды, сондай-ақ үшінші тараптардың мұнайын қабылдайды. 2006 жылғы 31 желтоқсанда Топ ПҚОП компаниясының жарғылық капиталының 99,43%-ын иеленеді.
2005 жылғы 21 тамызда барлау мен өндіру жөніндегі Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (бұдан әрі – CNODC), Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының (бұдан әрі – «CNPC») 100%-дық еншілес компаниясы өзінің 100%-дық еншілес компаниясы СНПС Интернэшнл Лтд. (бұдан әрі – «CNPCI») арқылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясымен келісім жасасты да, оған сәйкес CNPCI компаниясы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының шығарылған жарғылық капиталының барлығын сатып алды. Мәміле 2005 жылғы 26 қазанда аяқталды. Оны CNPCI компаниясының сатып алуының нәтижесінде «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы CNODC компаниясының 100%-дық еншілес компаниясына айналды.
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес 2005 жылғы 15 қазанда CNODC өзінің 100%-дық еншілес компаниясы CNPCI арқылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – «ҚМГ») өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, оған сәйкес ҚМГ АҚ «ПетроҚазақстан Инк.» акцияларының 33%-ын сатып алды. Мәміле 2006 жылғы 5 шілдеде аяқталды.
CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылғы 6 шілдеде ҚМГ тең дәрежелі шарттармен ПҚОП компаниясындағы 50%-дық иелену үлесін сатып алды.
1986 жыл – Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының ашылуы.
1986 жыл – Калгари қаласында (Альберта провинциясы, Канада) «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы құрылды және тіркелді.
1991 жыл – Компания Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын қазбалаумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шығады.
1996 жыл – Компания «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясы бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеумдегі» 50%-дық үлестерімен бірге сатып алады.
2000 жыл – Компания республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады.
2003 жыл – компанияның қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауының «ПетроҚазақстан Инк.» болып өзгеруі.
2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының» еншілес бөлімшесі CNPCI сатып алды.
2006 жыл – Компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды.
2007 жыл – Уағдаластық туралы меморандумға сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл продактс» компаниясы ҚМГ және CNPC E&D компанияларының тең дәрежеде басқаруына ауысады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.