украиналық әскери қайраткер, генерал-полковник From Wikipedia, the free encyclopedia
Олександр Станіславович Сирьский (орыс. Александр Станиславович Сырский; 26 шілде 1965, Владимир облысы, РКФСР) — украиналық әскери қайраткер, генерал және 2024 жылғы 8 ақпаннан бері қызметтегі Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы.[1] Бұрын ол 2019 жылдан 2024 жылға дейін Украина Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы болды.
Олександр Сирський укр. Олександр Сирський | ||||||||||||||||||||
Ресми портреті, 2021 жыл | ||||||||||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||||
8 ақпан 2024 жылдан бастап | ||||||||||||||||||||
Президент | Володимир Зеленський | |||||||||||||||||||
Премьер-Министр | Денис Шмигаль | |||||||||||||||||||
Ізашары | Валерій Залужний | |||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
5 тамыз 2019 — 11 ақпан 2024 | ||||||||||||||||||||
Президент | Володимир Зеленський | |||||||||||||||||||
Премьер-Министр | Володимир Гройсман Олексій Гончарук Денис Шмигаль | |||||||||||||||||||
Ізашары | Сергій Попко | |||||||||||||||||||
Ізбасары | Олександр Павлюк | |||||||||||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||||||||||
Білімі | 1) Мәскеу жоғары әскери командалық училищесі 2) Украина ұлттық қорғаныс университеті | |||||||||||||||||||
Дүниеге келуі | 26 шілде 1965 (59 жас) Новинки, Ковров ауданы, Владимир облысы, РКФСР, КСРО | |||||||||||||||||||
Туған кездегі есімі | орыс. Александр Станиславович Сырский | |||||||||||||||||||
Балалары | 2 | |||||||||||||||||||
Әскери қызметі | ||||||||||||||||||||
Қызмет еткен жылдары | 1986 жылдан бастап | |||||||||||||||||||
Құрамында болды | КСРО (1986–1991) Украина (1991–) | |||||||||||||||||||
Әскер түрі | Украина Құрлықтағы әскерлері | |||||||||||||||||||
Атағы | генерал | |||||||||||||||||||
Шайқасы | Орыс-украин соғысы | |||||||||||||||||||
Марапаттары | ||||||||||||||||||||
өңдеу |
Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде Сирський Киев үшін шайқаста қолбасшылық етті. Ол 2022 жылғы қыркүйекте Харьков қарсы шабуылында[2] және 2023 жылы Бахмут үшін шайқаста қолбасшы болды.[3]
Сирський 1965 жылғы 26 шілдеде,[4] кеңестік Ресейдің Владимир облысындағы Новинки ауылында,[5] әскерилер отбасында[6] дүниеге келген. Сирьскийдың жанұясы — этникалық орыстар. 2023 жылғы жағдай бойынша оның ата-анасы мен ағайындысы Ресейде тұрған.[7][8][9][10]
1980 жылы, Сирьский 15 жаста болғанда, оның әкесі кеңестік Украинаның Харьков қаласына КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге жіберілді.[11] Сирський Харьковтағы орта мектепті бітіріп, Кеңес Одағының жетекші жоғары әскери оқу орны болған Мәскеу жоғары әскери командалық училищесіне оқуға түсті. 1986 жылы оқуды бітіргеннен кейін Сирський кеңестік артиллериялық корпусқа қызметке орналасты. 1991 жылы Кеңес Одағы тарағанға дейін Сирський Ауғанстанда, Тәжікстанда және Чехословакияда қызмет етті.[12]
КСРО ыдырауынан кейін Сирськийдың Чугуевтегі әскери бөлімі украиналық қолбасшылыққа ауыстырылды да, ол тез арада полк командирі лауазымына (полковник шеніне тең) көтерілді.[13] 1996 жылы ол Украина ұлттық қорғаныс университетін, 2005 жылы сол университеттің магистратурасын тәмамдаған.[14]
2000 жылдардың басында ол Белая Церковь қаласында орналасқан 72-механикаландырылған бригаданың командирі болып, генерал-майор шеніне дейін көтерілді.[4] 2007 жылы Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы — Біріккен Жедел қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2011–2012 жылдары ол Әскери ынтымақтастық және бітімгершілік операциялар бас басқармасының бірінші орынбасары болды.[15] 2013 жылы ол НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде қызмет етті.[11]
Шығыс Украинадағы соғыстың басында ол антитеррорлық операциялар штабының бастығы болды.[16] Атап айтқанда, Дебальцево шайқасы кезінде антитеррорлық операция күштерінің бас қолбасшыларының бірі болды. 2015 жылғы қыста ол Украина Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Віктор Муженкомен бірге қалаға барған. Ол Углегорскідегі, Редкодуб ауылындағы шайқастарды және Логвиновоны қайтарып алу әрекетін сәтсіз жүргізді. Ол сондай-ақ Дебальцеводан украин әскерін шығаруды үйлестірді.[17]
Олександр Сирський ІІІ дәрежелі Богдан Хмельницкий орденімен марапатталып, Дебальцево шайқасында көрсеткен ерлігі үшін кейін генерал-лейтенант шенін алды.[18][17] 2016 жылы ол Донбастағы түрлі украиналық қауіпсіздік күштерінің жедел әрекеттерін үйлестіретін Украина Қарулы Күштерінің Біріккен жедел штабын басқарды. 2017 жылы ол Украинаның шығысындағы бүкіл антитеррорлық операцияның қолбасшысы болды. Кейінірек оның орнын Біріккен күштер операциясы ауыстырды.[19][20]
2019 жылғы 5 тамызда Сирський Қарулы Күштерге бағынышты Украина Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.[21][22] 2020 жылғы 23 тамызда оған генерал-полковник шені берілді.[23]
Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында Сирський Киев қорғанысын өз қолына алған адамдардың бірі болып, соған басшылық етті.[24]
2022 жылғы сәуірде Сирськийға еңбегі үшін Украина батыры атағы берілді. 2022 жылғы қыркүйекте Сирський сәтті болған Харьковтағы қарсы шабуылдың архитекторы болды деп хабарлады.[25][26]
Соғыс кезінде Сирський Бахмут үшін шайқас кезінде украиналықтардың елеулі шығындарына әкелген кеңестік үлгідегі қанды әскери тактиканы ұстанғаны үшін сынға ұшырады[27] және «Генерал 200» деген лақап атқа ие болды (Кеңес әскери кодексіндегі әскерилердің өлімін білдіретін Груз 200 кодтық сөзіне сілтемесі).[27]
2024 жылғы 8 ақпанда Украина президенті Володимир Зеленський Залужный мен Зеленский арасындағы келіспеушілік туралы бірнеше айға созылған жорамалдардан кейін Валерій Залужнийны Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан алып тастап, орнына Сирськийды тағайындады.[28]
2024 жылғы 17 ақпанда Олександр Сирський бас қолбасшы ретіндегі өзінің алғашқы маңызды шешімін жасады; ол «қоршауға алынбау және қызмет көрсету персоналының өмірі мен денсаулығын сақтау» үшін Украина әскерлерін Авдеевкадан «оңайлы шептерге» толығымен шығаруды бұйырды.
Сол жылғы 28 сәуірде ол Украина күштерінің Донецк облысындағы Бердычи, Семёновка және Новомихайловка ауылдарынан позициялардың жарамсыз болуына байланысты шегінгенін хабарлады.[29][30]
2024 жылғы 24 шілдеде британдық газетке берген сұхбатында Сирський Украина «1991 жылғы халықаралық мойындалған шекараларға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға» бел буатынын айтты.[31]
Сирський украин әйеліне үйленген[32] және екі ұлы бар. Олардың бірі асырып алынған және Аустралияда тұрады.[33][32]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.