From Wikipedia, the free encyclopedia
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы | |
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 191 381 га |
Құрылған уақыты | 30 маусым 1931 жылы |
Басқаратын ұйым | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
Сайты | https://naurzum.kz/ |
Орналасуы | |
51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б.51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысы |
Аудандар | Науырзым ауданы, Әулиекөл ауданы |
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ортаққорда |
1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.