From Wikipedia, the free encyclopedia
Мет Гала(ағылшынша Met Gala) - Нью-Йорктегі Метрополитен-өнер мұражайы Костюм Институтының пайдасына қаражат жинайтын және сән көрмесінің ашылуын атап өтетін жыл сайынғы гала- іс-шара болып табылады. Мет Гала- әлемдегі ең ерекше әлеуметтік іс-шаралардың бірі және 2013 жылы, 9 миллион АҚШ долларына тарта қаражат жинап, келесі жылы 12 миллион доллар рекордымен Нью-Йорктегі қаражат жинау бойынша ең үлкен кештердің бірі болып саналды. 2019 жылғы іс-шарадан кейін жалпы жиналған сома 200 миллион АҚШ долларынан асады деп күтілуде.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2021-08-30, 14:54 кезінде (2 жыл бұрын) InternetArchiveBot (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (мамыр 2019) |
Мет Гала кешін алғаш 1948 жылы, жақында құрылған Костюм Институтына қаражат жинау және оның жыл сайынғы көрмесінің ашылуын атап өту үшін сәнді публицист Элеонора Ламберт құрды. Бірінші Гала кешкі ас ретінде және билеттері әрқайсысы елу доллардан тұратын кеш ретінде өтті. Өзінің алғашқы бірнеше онжылдықтарында Гала Нью-Йорк қайырымдылық мекемелері үшін өткізілетін жыл сайынғы көптеген жәрдемақылардың бірі болды. Соған байланысты, ерте Гала қатысушылары Нью-Йорк жоғары әлеуметтік топтарынан немесе қалалық сән индустриясының мүшелері болған. 1948 жылдан 1971 жылға дейін шара Waldorf-Astoria,Central Park және Rainbow Room сияқты орталықтарда өткізілген. 1972 жылы Диана Вриланд Костюм Институтының кеңесшісі болған кезде, Гала аса сәнді іс-шара ретінде дами бастады,дегенмен, ол әліде қоғаммен байланысты болған.1989 жылы Vogue журналының бас редакторы Диана Вриланд қайтыс болған сәттен бастап, Мет Гала сәнді,әрі блокбастер іс—шара ретінде белгілі бола бастады және "Нью-Йорктің әлеуметтік тәжінің інжутасы" деп саналды.[1]
Vogue журналының бас редакторы және 1995 жылдан бастап іс-шараның төрағасы Анна Винтур(1996 және 1998 жылдардан басқа) жәрдемақылар жөніндегі комитет пен қонақтар тізіміне жетекшілік етеді, ал Vogue қызметкерлері шақырылғандардың тізімін жинауға көмектеседі. 2014 жылы ,шақырылған қонақтардың ресми тізіміне кірмейтіндер үшін жеке билеттер құны 30000 доллар тұрды және іс-шараның эксклюзивтілігін арттыру үшін билеттедің құны 10000 долларға арттырылған болатын. Қонақтар тізімі 650 немесе 700 адаммен шектелген. Жыл сайын іс-шара бағдарламасына коктейль сағаты және ресми ас кіреді.Коктейль сағаты кезінде қонақтар қызыл кілем жолағынан өтіп, жылдың арнайы тақырыптық көрмесін көруге және кештің көрнекті әртістерінен ойын-сауықты қамтитын кешкі ас алдына отыруға келеді.
Тақырып жыл сайынғы көрме үшін ғана емес, сонымен бірге, тақырыпты қолдайтын қонақтарға, әйгілі стилисттер мен әлемнің жетекші сән үйлерімен серіктесе отырып тиісті киіну үшін орнатылады. Сол себепті, кештің қалдыратын ең жарық әсері-келген қонақтардың киім үлгілері болып келеді.
[2][3][4][5][6][7][8][9][10][11]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.